Sardarfilm

Астанадағы медиа студия

ТҮРКІСТАН ТАРЛАНДАРЫ

«Түркістан тарландары» телефильмінде Түркістан облысындағы бұқаралық және кәсіпқой сопрттың дамуы жайлы сөз қозғалады. Баршамызға белгілі, осыдан төрт жыл бұрын облыс орталығы Түркістан қаласына көшкен соң, өңірдегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. БАҚ негізінен Түркістанның туристік орталық ретіндегі дамуына баса көңіл аударып келді. Ал, мұның сыртында Түркістан облысында мәдениет және спорт саласы да екінші тыныс алғандай. «Түркістан тарландары» телефильмінде облыстағы спорттың даму деңгейі, болашақтағы жоспары жайлы баяндалады.